Жаңалықтар

Қарттар — біздің асыл қазынамыз. Ал, даналық алтын кілт ата-бабамыз демекші 1 қазан күні біз ел болып Қарттар күні мерекесін тойлаймыз. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата-бабамыздан келе жатқан қасиетті салтымыз. 10 «А» сыныбы сынып жетекшісі С.Бекмұратқызымен бірге сол атаулы күні ауылымыздың асыл қарттарын мерекелерімен құттықтап, өнерлерін көрсетіп, сұрақтарын қойып, баталарын алып келген болатын. Әр шаңырақтың асыл қазыналары аман болсын

30.09.2024 жылы 2 Ә сыныбында «Қарттарым аман-сау жүрсін» атты сынып сағаты өтті.
Сынып сағаттың мақсаты: Қариялық-даналық пен өмір тәжірибесінің қайнар көзі екендігін ұғындыру
ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР!!! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.
Құттықтаушылар: 4 «А» гимназия сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Ержанова Мөлдір
Құрметті ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім — тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт — бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
ҚҰТТЫҚТАУШЫЛАР: 4 «Ә» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Тохтасинова Шолпан.
Құрметті ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілейміз!
ҚҰТТЫҚТАУШЫЛАР: 1 «Ә» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Жұмажан Нұргүл
Құрметті ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Ұстаз болу аса маңызды және өте қиын, өйткені ұстаз білім ғана беріп қоймайды. Ұстаз баланы болашақ үлкен өмірге дайындап қажетті кеңестермен сусындатады. Қымбатты да, қадірлі ұстаздар қауымы осынау ауыртпашылығы мен жауапкершілігі мол кәсіпті атқарып жүргендеріңізге көп рахмет айтамыз.
ҚҰТТЫҚТАУШЫЛАР: 11 «А» сынып оқушылар мен сынып жетекшісі Данебаева Жансая
Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! «Мектептің, жүрегі», «Бала жанының бағбаны» деп сіздерге айтылған
теңеулер бекер емес. Мұндай мадақтауларды
жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз!
ҚҰТТЫҚТАУШЫЛАР: 5 «А» сынып окушылар мен
сынып жетекшісі Болтекова Шынарай
Ұстаздар-қоғамның алтын діңгегі, адамзаттың шамшырағы. Олардың білімі мен тәлім- тәрбиесі бізді биік шыңдарға жетелейді. Әрбір ұстаздың еңбегі- ұлт болашағының мықты іргетасы. Сіздерге деген шынайы алғысымызды білдіре отырып, еңбектеріңізге береке өмірлеріңізге шаттық тілейміз. Ұстаздар күні құтты болсын. 8 “Б” сынып оқушылары
Сынып жетекшісі: Айсулу Жолдыбайқызы
«Ұстаз, сенің алдыңда бас июге рұқсат ет!» — деген көпке танымал өлең жолдарында осы бір жанкешті абзал жандарға деген ұланғайыр алғыс көрініс тапқан. Құрметті Ұстаздар, бүгін сіздердің мерекелеріңіз!
Сіздерге денсаулық, бақ-береке тілейміз.
Шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіз ақтала берсін!
Құттықтаушылар: 9 “Ә” сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Байрамова Айдана

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» — деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі — өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті — жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады дей келе, “№ 6 орта мектеп”КММ-нің “Өзін -өзі басқару” ұйымының ұстаздар мерекесіне арналған құттықтау тілегін қабыл алыңыздар!

Даналық_ұстаздан
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысындағы сөйлеген сөзінде жасампаздық пен жаңашылдық құндылықтарына ерекше мән берді. Ұстаз – білім беруші ғана емес, қоғамдағы еңбекқорлық, жауапкершілік, мейірімділік, адалдық, әдептілік қасиеттерін қалыптастыратын көшбасшылар эталоны.
«Ұстазым» әнін «Даналық ұстаздан» атты республикалық челленджінде 11-сынып оқушылары орындады.
Челлендж республика көлемінде «Қалықта, әнім, “Ұстазым» деп!» бастамасымен өткізілді. (әні А.Дүйсенов, сөзі Б.Шомбеков)
Мақсаты: білім алушылардың ұстазға деген құрметі мен сүйіспеншіліктерін арттыруға, еңбегін бағалауға үн қосу.
Ұстаз аты-биік, әрі мәңгілік!
Ұстаз, қандай қасиетті сөз, ұстаз деген, ұлы есім. Адамзатты тек білімге ғана емес, сондай — ақ кішіпейілділікке, қарапайымдылыққа, адамгершілікке тәрбиелейтін мамандық иелерінің алдында, біз қашан да қарыздармыз және оларға алғысымыз мол. Сондықтан бүгін біз оларға бас иіп, құттықтайтын күніміз. Бүгін тамаша мереке, Бүгін ұстаздарымыздың төл мейрамы. Мерекелеріңіз құтты болсын аяулы ұстаздар! «№6 ЖББМ» КММ 11 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен мектебіміздегі ұстаздарға арналған «Ұстаз аты — биік, әрі мәңгілік!» атты мерекелік жиын өткен болатын. Ұстаздарымыз марапатталып, мерекелік шарадан ерекше естен кетпес естеліктер қалды.
«Құтты шаңырақ»
Отбасында баланың жан-жақты қалыптасуына ата-ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян. Отбасында үзілмейтін байланысты құру үшін жыл сайын Отбасы мерекесіне орай «Отбасы» тақырыбында түрлі шаралар өткізіледі. Шара мақсаты — отбасы құндылықтарын белсенді түрде насихаттау үшін берік шаңырақ құру ісіндегі өз тәжірибесін, балалары мен немерелеріне рухани-адамгершілік тәрбие алуға ықпал ету, олардың болашақта жар таңдау, отбасын құру, бала тәрбилеу, өз денсаулығын сақтап, нығайту ісіне жауапкершілікпен қарауға ұмтылдыру. Міне, осындай шаралардың бірі – «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» Республикалық жобасы аясында өткізілген «Құтты шаңырақ» отбасылық байқауының «Күміс кереге» номинация иегері «№6 ЖББМ» КММ Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмабаева Батжан Қармысқызын құттықтаймыз.
«Әншуақ» қазақ тіліндегі балалар әндерінің республикалық фестиваліне Маңғыстау облысы,Қарақия ауданы, Құрық ауылы, «№6» КММ-нің 6 сынып оқушысы Қызылғұл Раяна өз әнін жолдайды.
Орындалған ән: «Бірлігіміз жарасқандай »
«Әншуақ» қазақ тіліндегі республикалық балалар әндері фестивалінің басты мақсаты- қазақ тіліндегі балалар әндерінің тәрбие құралы ретіндегі маңызын арттыру, насихаттау және кеңінен тарату. Еліміздегі балалар әндерін дамытуға қолдау көрсетіп, авторлармен тығыз шығармашылық байланыс орнату, таныстыру, білім алушылардың жан-дүниелерін рухани қуаттандыру және музыкалық-эстетикалық мәдениетін қалыптастыру
Экология және жастар
Өркениеттің артықшылығын пайдалану үшін адамзат өзінің денсаулығын тәуекелге қояды. Бүгінгі таңда экологиялық проблема біз үшін ең өзекті тақырып болып отыр. Қазақстанның экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары – ғаламдық міндеттер қатарында. «№6 ЖББМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Экология және жастар» тақырыбында 7 сыныптарға арналған экологиялық тренинг өткізілді. Берілген іс-шараны мектептің биология пәні мұғалімі Мусина Жанар Аққайырқызы жүргізді. Тренингтің программалық мақсаты – 10-15 жас аралығындағы балалар арасында табиғатты қорғау жұмыстарын күшейту, «Жер-Анаға» келтірілетін қауіптен қорғау, оны сақтау көзқарасы мен экологиялық сауаттылықты дамыту, «экологиялық сезімді» тудыру . Қатысушылар тақырыпқа байланысты ребус, викторина(сұрақ-жауап) орындап, оларға сергіту ойындары мен қалдықтарды іріктеу бойынша мастер-класс өткізілді. Тренинг жоспарына сай тақырыптың негізгі мәні слайд арқылы түсіндірілді. Оқушыларға түрлі нұсқаулықтар мен жаңа идеялар ашылды. Қатысушылар кері байланыс арқылы тренингтен алған көңіл-күйлері мен ойларын стикерлерге жазып, «Жер шары» постеріне жабыстырды. Тренинг жоғары деңгейде өткізілді.

11 қыркүйек күні мектебімізде өрт жағдайындағы эвакуациялық оқу-жаттығуы өтті. Оқу-жаттығу барысында дабыл қоңырауы басылып мектебімізден 317 оқушы, 47 мұғалім, 26 кіші қызметкер сыртқа шығарылды. Төтенше жағдайлар бөлімінің аға анақтаушысы азаматтық қорғау аға лейтенанты Дарханбаев Бақыт Ізбасарұлы мектебіміздің оқушылары, мұғалімдері, және кіші қызметкерлеріне өрт кезіндегі іс-қимылдар бойынша түсінік жұмысын жүргізді.

Мектепалды даярлық сыныбы “Тіл- татулық тіргеі” тақырыбында іс-шара өткізді. Сынып жетекшісі Турганбаева. Н Мақсаты: 1. Балаларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету. 2.Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы бала дүниетанымын, ой өрісін дамыту. мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

«Құтты шаңырақ»
Отбасында баланың жан-жақты қалыптасуына ата-ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян. Отбасында үзілмейтін байланысты құру үшін жыл сайын Отбасы мерекесіне орай «Отбасы» тақырыбында түрлі шаралар өткізіледі. Шара мақсаты — отбасы құндылықтарын белсенді түрде насихаттау үшін берік шаңырақ құру ісіндегі өз тәжірибесін, балалары мен немерелеріне рухани-адамгершілік тәрбие алуға ықпал ету, олардың болашақта жар таңдау, отбасын құру, бала тәрбилеу, өз денсаулығын сақтап, нығайту ісіне жауапкершілікпен қарауға ұмтылдыру. Міне, осындай шаралардың бірі – «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» Республикалық жобасы аясында өткізілген «Құтты шаңырақ» отбасылық байқауының «Күміс кереге» номинация иегері «№6 ЖББМ» КММ Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмабаева Батжан Қармысқызын құттықтаймыз.

10 қыркүйек күні бастауыш сынып кабинеттерінде және мектеп дәлізінде “Отбасы құндылығы” тақырыбында бейнеролик оқушыларға көрсетілді. Мақсаты: отбасы — жеке құндылықтарын қалыптастыру және тәрбиенің жоғары үлгілерін көрсете білу. Отбасы арасындағы мәдениетті қалыптастыру.

«Отбасылық дәстүрлер: тарихымызды сақтаймыз, болашақты құрамыз!»
Отбасы күнін мерекелеу ісі – отбасылық іргелі құндылықтарды сақтауға, отбасы интститутын нығайтуға және өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеу. Отбасына деген құрметті арттыру, отбасы дәстүрлерін, отбасылық мерекелерді дәріптеу, отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынасты, байланыстың үзілмеуін қадағалау отбасының басты міндеттері. 05.09 күні мектебімізде «Отбасылық дәстүрлер: тарихымызды сақтаймыз, болашақты құрамыз» атты мерекелік кездесу кеші ұйымдастырылды. Іс-шараға 10-11 сынып оқушылары мен ата-аналар қатысты. Сонымен қатар, кештің құрметті қонақтары болып 2019 жылы «Парасатты отбасы» номинациясын алған Ержановтар отбасы, 2022 жылы «Мерейлі отбасы» атанған Бисембаевтар отбасы және де 2024 жылдың «Құтты шаңырақ» отбасылық байқауының қатысушысы, мектебіміздің ардагер ұстазы орыс тілі пәні мұғалімі Жұмабаева Бәтжан шақырылды. Кешті музыка пәні мұғалімі Серік Жақсылық жүргізді. Іс-шараны бастамас бұрын мерейлі атмосфера құру мақсатында «Амандасу» тренингі өткізілді, қонақтармен жақынырақ танысу үшін отбасы бейнежазбаларын қатысушыларға көрсетіп, іс-шараның мақсатымен таныстырылып өтті. Қатысушылар келген қонақтарға сұхбат жүргізіп, өсиет-уағыздарын тыңдады. Келесі тренингте қатысушы ата-аналар мен оқушылар «Мінсіз отбасыны» қалай елестетінін білу үшін кластер дайындап қорғады. Ата-аналар «мінсіз бала», оқушылар «мінсіз ата-ана» дегенді қалай сипаттайтынын жазып, ойларын ортаға салды. Ізденімпаз қатысушылар мен қонақтар қызу көңіл-күйде келесі тренингке де өтті, карточкалар таратылып сұрақтарға жауап берді. Іс-шара көңілді әрі қызықты өтті. Шараны қорытындылау үшін қатысушылардан кері байланыс алынды. Қатысушылар қонақтармен фотоға түсіп, сый-сыйапатты табыстап, қоштасып, шығарып салып, керемет нотада аяқтады.
Мұғалімдер күні қарсаңында 04.10.2023ж. күні «Менің алғашқы сабағым» атты флешмоб ұйымдастырылды. Осыған орай, мектебіміздің «Өзін-өзі басқару» ұйымының мүшелері 6-7 сынып оқушыларына әртүрлі пәндерден сабақ берді. ұйымдастырылған іс-шараға 10-сыныптан 4 оқушы, 11-сыныптан 7 оқушы қатысты.

Фотогалерея