


Жаңалықтар
Мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қазақ әдебиетінің негізін құраушы үш бәйтеректің бірі Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай, «Сәкен Сейфуллин туралы ойлар» атты ой бөлісу сағаты өтті. Және «Қазақ әдебиетінің негізін қалаушы» тақырыбындағы кітаптарына шолу жасалып, шығармалары таныстырылды.
Ақынның өмірі мен шығармашылығы ел тарихында өшпес із қалдырды деп білеміз.
Мектеп кітапханасында «Бір ел- бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары оқылды.
ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілуіне байланысты, шоқтығы биік қаламгердің балалар мен жасөспірімдерге арнап 20-дан астам әңгіме, повесть, роман жазғандығы белгілі. Солардың ішіндегі «Менің атым Қожа» повесін 6 сынып оқушыларымен бірге оқып, видео, слайд көру арқылы талқыланды.
Мақсаты: Оқушыларға жазушы өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасын талқылау. Оқушылардың ой — өрісін, қызығушылығын, тәртіптілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту. Сонымен қатар «Бала жүректі қаламгер» атты кітап көрмесіндегі жазушының шығармаларымен, баспа сөз беттерінде жарияланған жинақтармен таныстырылды.
Баршаңызды Б.Соқпақбаевтың шығармаларын оқуға шақырамыз!!!

