
Біз туралы
Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 6 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жаңалықтар
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫНА АТСАЛЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
❇️«Жақсылықты жаса» ұранымен өтетін Республикалық «Мектепке жол»-2024 қайырымдылық акциясына қатысайық!
2024 жылғы «Мектепке жол» республикалық акциясының мақсаты — аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
✅Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда, атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.
🩷Балалар – біздің болашағымыз. Сондықтан, «Мектепке жол» акциясына кәсіпкерлерді, аудан халқын және ұжым мүшелерін белсене қатысуға, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларына қолдау көрсетуге шақырамыз.
📞☎️«Мектепке жол» Республикалық акциясы бойынша барлық сұрақтармен төмендегі номерлер бойынша байланысуға болады. Байланыс номері:
+7 7012013668
Акцияның басталуы 2024 жылдың
1 тамызынан, аяқталуы — 2024 жылдың
30 қыркүйегінде.
Барлықтарыңызды акцияға белсене қатысуға шақырамыз!!!

✅ХАБАРЛАНДЫРУ❗
📌📌📌 Құрметті Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің “#6 ЖББМ” КММ ата-аналары,
01.08.2024 ж. бастап
1.Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан білім алушылары;
2.Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары;
3.Жетім балаларға,
Керекті құжаттар тізімі төменде көрсетілген
ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ 👇
1) АӘК алатын отбасылар үшін:
— Өтініш
— Оқушының туу туралы куәлік көшірмесі
— Ата — анасының бірінің жеке куәлігі көшірмесі
— Соңғы квартал бойынша Атаулы әлеуметтік көмек алатыны туралы анықтама
— 20 санды счет Народный банк
2) Аз қамтылған, көп балалы отбасылар үшін:
— ЭЦҚ кілті арқылы өтініш жібересіз. ( сізге тиісті деп шешім шыққаннан кейін мектепке келіп өтініш жазасыз)
— жеке куәлік
— өтініш
— 20 санды счет Халық банкі
— туу туралы куәлік (көшірме)
3) Қамқорлықтағы (опекун) балалары бар отбасылар үшін:
— Өтініш
— Қамқоршысының жеке куәлік көшірмесі
— 20 санды счет Народный
— Туу туралы куәлік (көшірме)
❗❗❗ЕСКЕРТУ
1. ЭЦҚ КІЛТ (ата — анасының бірінің) 2.ОТБАСЫНА КІРЕТІН БАРЛЫҚ ТАБЫС ЖАН БАСЫНА БӨЛГЕНДЕ 60936 тг аспауы керек!!!
2. Көмек тек мектеп жасындағы балаларға беріледі.
Фотогалерея

Мектеп директоры Жарылгапова Даметкен Аманкосовна

