Меню
Жаңалықтар
Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру
Жақсы бала – ата-ана қуанышы. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта. Отбасының қоғамдағы мақсаты — баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Ал баланың екінші үйі – мектеп, балаға білім мен тәрбиені өмірлік азығы болатындай етіп береді.
2024 жылдың 12 қыркүйек күні «№6 ЖББМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залында «Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру» тақырыбымен жалпы ата-аналар жиналысы өткен.
Жиналысқа тіркелу үшін ата-аналар мектеп есігі алдындағы QR кодты ашып қысқа сауалнамадан өтті. Жиналысты бастамас бұрын мектеп директорының міндетін атқарушы Сақтағанова Ақмарал Данебайқызы 2023-2024 оқу жылына қорытынды жасап, жаңа 2024-2025 оқу жылына қойылған мақсат, бағыттарымен таныстырып өтті. Келесі кезекте Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жарылғапова Дәметкен Аманқосқызы мектеп ішіндегі ережелермен, мектеп формасына қойылатын талаптардың ғимарат ішінде орындалуы мен ата-аналарға балалардың соған бағынуына тәрбиелеу маңызды нәрсе екенін айтып өтті. Ата-аналар комитетінің төрағасы Салатова Гаухар жиналыстың күн тәртібіне шолу жасады. Сөз кезегі Қарақия АПБ ЖПҚб ЮПТ КТіЖ аға УПИ Полиция майоры Кошкинбаев Нұрболат Борановичке берілді. Полиция қызметкері жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық туралы сөз қозғады. Құқықбұзушылықтың алдын алу ережелері мен орын алған жағдайда қандай жазалардың іске асатыны туралы айтып өтті.
Мектеп қабырғасындағы тәрбие ережелерінен бөлек білім алушыға әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету жайында әлеуметтік педагог Қойлыбаева Амангүл сөйледі. Жаңа оқу жылының басты тақырыбы болған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясымен таныстырды. Мектеп карточкаларын қолдану жолдарына байланысты бейнежазбалар көрсетілді.
Жасөспірімдер арасында буллингтің орын алуы өте жағымсыз жағдай. Осындай жағдайлардың орын алмауы үшін не істеу керек, оның алдын алу, болдырмау, «KiVa» буллингке қарсы бағдарламасы туралы Жұмалықызы Ұлболсын түсіндіріп өтті.
Содан соң «осындай жиналыстарға көбіне көп әкелерді шақыру қажет» деп Әкелер кеңесінің төрағасы Мейрамбай Тәжібаев жиналыс туралы өз ойын ортаға салып кетті. Жиналысты аяқтамай бұрын жаңа оқу жылының ата-аналар комитеті сайланды.

19.01.2024 жылы мектебімізде Бисенова Сандуғаш және Аманқосова Арайлым ұстаздарымыз ата-аналарды педогикалық қолдау орталығының жоспарына сәйкес, “Баланы жастан…” атты тақырыбында 5-9 сынып ата-аналарына арналған тренинг өтті. Треннингтің негізігі мақсаты: Ата-аналардың,үйде балалардың
тапқырлығы мен эрудициясын дамытуға
бағытталған интеллектуалдық,ойындар мен жаттығуларды қолдану дағдыларын дамыту.
№6 жалпы білім беретін мектепте
«Ата –аналарды психологиялық-педагоггикалық қолдау орталығы» ашылды.
Мақсаты: Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық қолдау орталығының мақсаты мен оның қызметін ұйымастырудың ерекшеліктері туралы түсініктерін қалыптастыру;
Орталық қызметін жоспарлаудың практикалық дағдыларын дамыту;
28 қыркүйек күні мектебімізде «Қауіпсіз мектеп — жүйелі білім кепілі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР:
1. 2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ, ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ — А.САКТАГАНОВА
2. «БАЛАНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАЛАЙ САҚТАЙМЫЗ» (БУЛЛИНГ ЖӘНЕ КИБЕРБУЛЛИНГ) МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫ -Н.ТУРГАНБАЕВА
3. ОҚУШЫ ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ МЕКТЕПКЕ ӘКЕЛУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЗАТТАР (ОҚУШЫ ЕРЕЖЕСІ). ДИРЕКТОРДЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ -Д.ЖАРЫЛГАПОВА
4. «ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАМУЫНА ӘЛЕУМЕТТІК- ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ» ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ-А.ҚОЙЛЫБАЕВА
5. «БАЛАЛАРДЫҢ ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАР МЕН ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ» ҚАРАҚИЯ АПБ ЖПҚБ ЮПТ КТІЖ УПИ ПОЛИЦИЯ АҒА ЛЕЙТЕНАНТЫ СҰЛБА ГҮЛІМ
МАТАРБАЙҚЫЗЫ, ПОЛИЦИЯ ЛЕЙТЕНАНТЫ ДУШАМ АЙДОС АХМЕДЖАНҰЛЫ
6. АҒЫМДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР